Жаңалықтар тізбегі
0

БАӘ қазақстандықтарға визасыз режим енгізуі мүмкін

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2017 21:21 ҚазАқпарат
Бүгінде Қазақстан 66 мемлекет және халықаралық ұйыммен дипломатиялық паспорт иелерін визадан босатуға келіскен.

2018 жылдың бірінші тоқсанынан бастап Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірлігіне визасыз баруы мүмкін. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатынан кейін журналистерге Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Осыған дейін біз Біріккен Араб Әмірлігімен келісімге қол қойған болатынбыз. Ол келісім негізінде біздің азаматтарымыз барлық паспорт түрі бойынша аталған мемлекетке визасыз сапар шегуге мүмкіндік алады. Біз аталған мәселе бойынша ресми рәсімдерімізді өткіздік. Бірақ, миграциялық бақылау мен ұлттық қауіпсіздікті күшейте түсуіміз керек. Бүгінде Қазақстан 66 мемлекет және халықаралық ұйыммен дипломатиялық паспорт иелерін визадан босатуға келіскен. Ал қызметтік паспорты барларды 44 мемлекет визадан босатты», - деді министр.

Оның айтуынша, Қазақстан енді Біріккен Араб Әмірлігі тарапынан аталған мәселеге қатысты ресми хабар күтіп отыр.

«Шипажай маусымында қазақстандықтар Әмірліктің қашан бізге шекараны ашып, келісімді ратификациялайтыны туралы жиі сұрайды. Біз өз жұмысымызды орындадық, келісімді ратификацияладық. Жуырда БАӘ-ге кіретін барлық әмірлік келісімді ратификациялап, бізге хабарлайды деп күтілуде. Бұл барлық қазақстандық туристер үшін үлкен жаңалық болады. Менің ойымша, келесі жылдың бірінші тоқсанынан бастап, Қазақстан азаматтары БАӘ-ге визасыз, еркін сапар шегеді», - деп түйіндеді сөзін Қайрат Әбдірахманов.

Қазақстанның Сыртқы істер министрінің айтуынша, мұндай келісім Таиланд елімен де жасалған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: