БАӘ өзбекстандықтар үшін визасыз режим шарттарын күшейтуі мүмкін

БАӘ өзбекстандықтар үшін визасыз режим шарттарын күшейтуі мүмкін , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2025 09:36 Сурет: pixabay
Өзбекстан азаматтары арасында БАӘ-де заң бұзушылық жағдайларының жиілеуіне байланысты, енді оларға визасыз режим шарттары күшейтілуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.


"Дубайда Өзбекстан азаматтары арасында болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін еліміздің дипломаттары Дубай қылмыстық іздестіру басқармасының басшылығымен кездесу өткізді. БАӘ тарапынан бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, Өзбекстанның 15 азаматы ұсталғаны хабарланды. Сондай – ақ, соңғы уақытта Өзбекстан азаматтары жасаған құқық бұзушылықтардың өсуі екі ел арасындағы визасыз режимге әсер етуі мүмкін екендігі атап өтілді", – делінген ақпаратта.

Ведомство осы жағдай бойынша тиісті құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықта жұмыс істеуді жалғастырып жатқанын атап өтті.

Бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктеріндегі сот өткен наурыз айында үш өзбекстандықты өлім жазасына кескендігі жайлы жазған болатынбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: