Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енді
Сурет: Zakon.kz
10 қарашада Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим күшіне енді. Келісімге сәйкес, көрші елде 30 күн визасыз жүруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгіннен бастап Қазақстан мен Қытай азаматтары елге кіру үшін алдын ала виза рәсімдемей-ақ көрші мемлекеттің аумағында 30 күнге дейін немесе 180 күнтізбелік күн ішінде 90 күнге дейін жүре алады. Бұл келісімге тараптар ұзақ уақытқа созылған талқыдан кейін келді, өйткені бұл бастаманы қолдамандар көп болған еді.
ҚР СІМ 2023 жылғы 20 қазан күні Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2023 жылғы 10 қарашада күшіне енетінін хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript