Қытай тағы бір елдің азаматтары үшін 30 күнге дейін визасыз режим енгізеді
Сурет: pexels
2026 жылғы 29 қаңтарда Қытай Ұлыбритания азаматтары үшін туристік және іскерлік сапарларға 30 күнге дейін визасыз режим енгізуге келісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС агенттігінің мәліметінше, бұл келісімге Ұлыбритания премьер-министрінің соңғы сегіз жылдағы Бейжіңге жасаған алғашқы ресми сапары барысында қол жеткізілген. Бұл туралы Біріккен Корольдік премьер-министрі Кир Стармердің кеңсесі мәлімдеді.
Сапар аясында Кир Стармер Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен және Мемлекеттік кеңестің премьері Ли Цянмен келіссөздер жүргізді.
"Кәсіпкерлер Қытайда болу уақытын кеңейтуді сұрады. Өйткені Қытай – әлемдегі жетекші экономикалық державалардың бірі. Біз кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетеміз, соның ішінде қысқа мерзімді сапарларға арналған визалық талаптарды жеңілдетіп және олардың шетелдегі қызметін қолдаймыз. Бұл Ұлыбританияда экономикалық өсімге және жаңа жұмыс орындарының ашылуына алып келеді", – деді Стармер.
Бұған дейін Колумбияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript