Колумбияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Сурет: Х/AlbertoRodNews
Ұшақ бортында экипаж мүшелерін қоса алғанда 15 адам, оның ішінде 13 жолаушы болған. Колумбиялық The City Paper газетінің мәліметінше, барлығы қаза тапқан.
UPDATE: Satena Flight 8849 crashed near Cucuta, Colombia with 15 people on board. Wreckage found. Currently no sign of survivors. pic.twitter.com/U2QOmx7Ywo
— BNO News Live (@BNODesk) January 28, 2026
Әуе кемесінің қалдықтары Ла-Плайя-де-Белен муниципалитетінің таулы аймағынан табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандардың арасында Колумбия Конгресінің Өкілдер палатасының депутаты Диоген Кинтеро және депутаттыққа үміткер Карлос Сальседо болуы мүмкін.
Іздестіру-құтқару жұмыстары жер бедерінің қолжетімсіздігі мен қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты қиынға соқты. Қазіргі уақытта әуе апатының себептері тергеліп жатыр.
🇨🇴 | URGENTE: El avión de la compañía Satena desaparecido en Colombia es hallado accidentado con sus 15 pasajeros muertos.#Santander #cúcuta #Colombia pic.twitter.com/Il0iuexY1D
— eldiariomundialdenoticias (@edmnoticias) January 28, 2026
Бұған дейін Радардан жоғалып кеткен ұшақ қалдықтарының Индонезиядағы шың басынан табылғанын жазғанбыз.