Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақ футболының майталманы спорттан кетуі мүмкін

Самат Смақов Жаңа жыл мерекесінен кейін жасыл алаңға оралмайтыны жайлы мәлімдеме жасауы мүмкін.

Сурет : inform.kz27 Желтоқсан 2017, 12:01

Қазақстанның соңғы жиырма жылдағы үздік футболшыларының бірі спорттық мансабын аяқтау қарсаңында тұр, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

39 жастағы Самат Смақов Жаңа жыл мерекесінен кейін жасыл алаңға оралмайтыны жайлы мәлімдеме жасауы мүмкін. Оған жарақат немесе ойыншының дене қуаты емес, басшылық қызметтерден көптеген ұсыныстардың түсуі себеп болып отыр. С. Смақовты Премьер-лиганың үш бірдей клубы және Қазақстан Футбол федерациясы қызметке шақыруда. Осыған орай, аты аңызға айналған футболшы қазір ұсыныстарды қарастыруда.

«Қазір ештеңе айта алмаймын, Жаңа жылдан кейін телефон шалыңыз, сол кезде бәрі анық болады. Шешімім туралы ең алдымен сіздер хабардар боласыздар», - деп телефон сұхбатын қысқа қайырды футболшы.

Самат Смақов Қазақстан құрамасы сапындағы ойындар саны бойынша рекордшы (75 ойын) әрі елдегі ең көп жүлде алған футболшылардың бірі. Ол алты рет ел чемпионы атанған. Бұл көрсеткіш бойынша досы Андрей Богомолов қана жеті алтын медальмен оның алдында тұр. Кәсіби мансабы барысында тәжірибелі футболшы «Елімай», «Ертіс», «Ростсельмаш» (Ресей), «Жеңіс», «Қайрат», «Ақтөбе» және «Ризеспор» (Түркия) клубтарында өнер көрсеткен.

Ал соңғы бір жарым жылы Шымкенттің «Ордабасы» командасында өтті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер