Депутаттар баланы зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы заң жобасын мақұлдады

27 Желтоқсан 2017, 12:25
Сурет: Тoday.kz

Қазақстан парламентінің мәжілісі сәрсенбі күні пленарлық отырыста "Балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі жазды, - деп хабарлайды Today.kz

Құжат бұқаралық ақпарат құралдары және басқа да құралдар арқылы таралатын залалды ақпараттан балаларды қорғауға арналған.

"Жалпы алғанда заң жобасы бойынша қатігездік пен зорлық-зомбылыққа құрылған, балалардың өміріне қатер төндіретін іс-әрекетке, сондай-ақ суицидке итермелейтін, порнографиялық және арнайы сексуалды-эротикалық көріністерді қамтитын ақпараттық өнімдерге тыйым салу қарастырылуда. Мұнымен бірге отбасы институтын жоққа шығаратын және ұлттық дәстүрлерге қарсы үгіттейтін ақпараттар да балаларға зиянды деп табылған. Телеарналар осы талапқа сәйкес келетін ақпараттық өнімді оған сәйкестендірілген таңбамен белгілеп қана эфирге таратуы тиіс. Керісінше жағдайда оларға заңмен шара қолданылады", - деп мәлімдеді мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?