Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Mega Silk Way басшысы заңсыз намазхана ашқаны үшін жауапқа тартылды

Кәсіпкер енді 300 мың көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Сурет : gdb.rferl.org27 Желтоқсан 2017, 14:14

Астанадағы ең танымал ойын-сауық орталығының басшысы заңсыз намазхана ашқандары үшін айыппұл төлейтін болды. Астана қаласына қарасты соттың баспасөз өкілі Mega Silk Way орталығына айыппұл төлеу үкімі шыққанын хабарлады, - деп жазады Stan.kz.

Орталықты тексеру жұмыстары қараша айының басында жүргізілген. Сол кезде ойын-сауық орталығында құлшылық етуге арналған намазхана еш рұқсатсыз жұмыс істегені анықталды.

«Намазханада жергілікті басқарушы органымен келісілмей жатып құлшылық ету жоралғылары жасала берген. Бұл дегеніңіз ҚР «Діни ұйымдар мен олардың жұмысы» бойынша заңға бағынбаушылық», - делінген хатта.

Бұл мәселе Астана қаласына қарасты мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Сотта орталық өкілі заңды бұзғандарын мойындап, айыппұл көлемін азайтуды сұрады. Қазір орталық басшылығы жергілікті биліктің рұқсатымен намазхананы қайта іске қосқан.

Намазхана ашпас бұрын заңды оқып, жергілікті биліктің рұқсатын алмаған кәсіпкер енді 300 мың көлемінде айыппұл төлейтін болды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер