Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда мүгедек жандарға арналған тұраққа көлік қоятындар заңға бағынбай жүр

Фото: Хабар 24 Фото: Хабар 24
Ереже бұзғандар 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 99 мың 100 теңге айыппұл төлейді.
Алматыда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған «Бірдей мүмкіндіктер жолы» шарасы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Хабар 24.

Қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы тексеру барысында көптеген құқық бұзушылық анықталған. Ереже бұзғандар 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 99 мың 100 теңге айыппұл төлейді.

Алматыда мүгедектерге арналған тұраққа көлігін қойып кететіндер көбейіп кетті. Қалалық ІІД баспасөз қызметінің берген мәлімметтеріне сүйенсек, биылдың өзінде 347 жүргізушіге хаттама толтырылып, 34 млн 387 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Қаладағы мүгедектер қоғамының мамандары «арнайы белгі қойылған тұрақтың тек ғана жүріп-тұруы қиын және қоларбамен жүретіндерге арналғанын көпшілік біле бермейді» дейді.

- Менің ойымша, баптың, жол туралы заңның кішкене бір басқаша түсінігін беріп, сосын редакциясын дұрыстаса кішкене олда оқысаң артында көрдіңіз ғой жаңағы мотоколяска анау дегеннен кейін егер жаңағы мүгедек туралы знак болса, көбісі соған мән береді да менде ілулі тұр ғой соған құқығым бар деп тұрады, - дейді қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы Әли Аманбаев.

Кейбір жүргізушілер тіпті мүгедек белгісіне мүлде назар аудармайтын көрінеді. «Бұл жерге қоюға болмайды» деген көлік тұрағының қызметкерлеріне қолын ала жүгіретіндер де бар екен.

- Айтамын түсіндіріп, бұл жерге қоюға болмайды. Түсінігі бар адам «жарайды» деп, мына жаққа қояды. Түсінігі жоқ адам «өзім жауап берем» деп, қоя береді, - дейді көлік тұрағының қызметкері Бақыт Биқожаев.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еркін жүріп-тұруына жағдай жасап, оларға қоғам болып қол ұшын беру керекпіз» дейді құқық қорғау саласының мамандары.

- Жалпы азаматтардың барлығы тек полиция қызметкерлерімен арнайы мемлекеттік органдардың өкілі емес, жалпы қоғам болып мүмкіндіктері шектеулі жандардың құқықтарын біз барынша қадағалауымыз тиіс. Ол бірінші кезекте заңның орындалуын қамтамасыз етеді. Екіншіден, бір-бірімізге деген қарым-қатынасымыздың түзелуіне септігін тигізеді, - дейді қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Жүргізушілер болса алып шаһарда кейінгі кезде тұрақ табудың өзі қиын екенін айтып қынжылады. Бір дүкенге немесе шұғыл шаруасымен бір мекемеге аз уақыт кіріп шығу үшін көшені шыр айналып орын таба алмаған соң кез келген жерге көлігін тастап кетуге мәжбүр.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: