Ұятсыз видеодағы еркек пен әйелдің кім екені анықталды
видеодан кадр
Құқық бұзушыларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 12 625 теңге айыппұл салынады немесе 10 күнге дейін әкімшілік қамауға алынады.
Ақтауда тапа-тал түсте 26 ықшамауданындағы үйдің ауласында елдің көзінше жыныстық қатынасқа түскен еркек пен әйелдің кім екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ұятсыз видеоның "кейіпкерлері" үйсіз-күйсіз жандар болып шықты.
Оларға қатысты тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, яғни "Ұсақ бұзақылық" хаттамасын толтырды. Бұл істің қағазы Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберіледі.
Құқық бұзушыларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 12 625 теңге айыппұл салынады немесе 10 күнге дейін әкімшілік қамауға алынады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript