Жаңалықтар тізбегі
0

Педагогтерге тіл тигізгендер қанша теңге айыппұл төлейді

ztb.kz ztb.kz
Кәмелетке толмағандардың педагогке тіл тигізгені үшін ата-аналарына жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Педагогтерге қатысты "Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңын бұзғаны үшін көзделген айыппұлдарды ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жеке тұлғалардың педагогке тіл тигізгені үшін отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;

егер жыл ішінде қайталанса, қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады;

Кәмелетке толмағандардың педагогке тіл тигізгені үшін ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;

егер жыл ішінде қайталанса, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;

Педагогті өз міндетіне жатпайтын функцияларға тартқаны үшін ескерту беріледі;

егер жыл ішінде қайталанса, жиырма айлық есептік көрсеткіштен жүз жиырмаға дейінгі айыппұл салынады;

Қарастырылмаған есептілікті талап еткені үшін ескерту беріледі;

егер жыл ішінде қайталанса, жиырма айлық есептік көрсеткіштен жүз жиырмаға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген тексерулер жүргізгені үшін ескерту беріледі,

егер жыл ішінде қайталанса, жиырма айлық есептік көрсеткіштен жүз жиырмаға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: