Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысында қорыққа заңсыз кіргені үшін прокурорға айыппұл салынды

kursiv.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2020 22:48 kursiv.kz
Оңан 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Ақтөбеде "Ырғыз-Торғай" мемлекеттік табиғи қорығына заңсыз кірген топ анықталды. Олардың арасында Ырғыз ауданының судьясы мен прокуроры да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"6-қаңтар күні Ақтөбе облыстық сотына Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекиясынан Ырғыз ауданы, Нұра ауылдық округінің «Ақман» мемлекеттік қорығының күзетілетін аумағына рұқсатсыз кірген адамдарды ұстау туралы хабарлама келіп түсті. Олардың ішінде Ырғыз аудандық сотының төрағасы Бақытжан Ерлан да көрсетілген. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде", - деді облыстық соттың баспасөз қызметкері Анар Айтжанова.

Айта кетейік, Ақтөбе облыстық прокуратурасы аудан прокуроры Айдос Сағындықовқа қатысты қызметтік тексеру басталғанын мәлімдеді.

"3-қаңтар күні Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы ерекше қорғалатын аумақта болған топты анықтады. Олардың арасында Ырғыз аудандық прокуроры Айдос Сағындықов бар. Осы дерек бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің "Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерiнде болу тәртiбiн бұзу" бабы бойынша жауапқа тартылды. Оған 2 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айдос Сағындықовтан ешқандай балық табылмады. Қызметтік тексеру басталды. Тәртіптік жауапқа тартылады",- деді Ақтөбе облыстық прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.


Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент ұсталған арасында аудан әкімі Мәди Елеусізовтің болғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: