Бетпе тақпағаны үшін салынатын айыппұл 30 есеге дейін қысқартылуы мүмкін
Қазақстанда "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамасы қарастырылуда және жеке тұлғаларға маска режимін бұзғаны үшін айыппұлды 30-дан 1 АЕК-ке (2 778 теңге) дейін төмендету ұсынылып отыр. Бұл туралы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
"Құрметті кәсіпкерлер, жақсы жаңалығым бар! Бұрын біз бірнеше рет маска режимін және басқа шектеу шараларын бұзған кезде инспекциялық органдар кәсіпкердің, оның қызметкерлері мен тұтынушыларының жауапкершілігін нақты ажыратуы керек деп айтқан болатынбыз. Егер кәсіпкер өз объектілеріне барлық санитарлық жағдайларды сақтау үшін, соның ішінде маска мен қолғаптарды қажетті көлемде жеткізіп, тұтынушылардан маскалар киюді талап етсе, мұндай кәсіпкер өз қызметкерлері мен тұтынушыларының заңбұзушылығы үшін жауапкершілікке тартылмауы керек", деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Бүгін Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Комитеттен ресми жауап алғанын жеткізді.
"Онда, бастысы, лауазымды қызметкерлердің әрекеттеріне арналған іс-қимыл алгоритмі (...) жасалған, яғни заңбұзушылықтар болған жағдайда жауапкершілік нақты бөліп көрсетілген: шаруашылық субъектісі немесе объектінің қызметкері деп. Сондай-ақ, жеке тұлғалардың қорғаныс маскаларын киюіне қатысты Санитарлық ережелердегі талаптардың енгізілуімен кәсіпкер мен оның тұтынушысының жауапкершілігін белгілеу туралы ереже де тағайындалған".
Сондай-ақ уәкіл бұл заң жобасында маска режимін бұзушыға салынатын айыппұлдың 30-дан 1 АЕК деңгейіне дейін төмендету мәселесі қарастырылып жатқанын жазыпты.