Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдар күшейеді

Бас қосу барысында жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыру шаралары пысықталды.

Сурет : 28 Желтоқсан 2017, 19:30

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бірлесе отырып, «Қоғамдық сананы модернизациялау жағдайында Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері, Египет Араб Республикасының Қазақстандағы Елшісінің 2-ші хатшысы және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушы-профессорлық құрамдары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг топтың, «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдаудың мүшелері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конференцияда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлықтың алдын-алу және оны болдырмау, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы, жемқорлық тәуекелдері мәселелерін кеңінен талқылау, осы салада қолданыстағы заңдарды жетілдіру жөніндегі мәселелер жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында қазіргі таңда елеулі қадамдар жасауды, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресудің, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейтудің негізгі тетіктерін нақтылап берді. Аталған мәселелерді жүзеге асыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамды тарту тиімді болып отыр. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік жүйелер және түрлі медиа ресурстар арқылы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралардың сапасын арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Конференцияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы А. Байханова мен мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры құттықтау сөзбен ашты.

Жиын барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетінің деканы, з.ғ.д., профессор Дәулет Байгелдинов, Қазақстан Халықтары ассамблеясының мүшесі Қазақбай Қасымов «Қоғамдық сананы модернизациялау жағдайында Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры Алуа Ибраева «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің түсінігі», «менталитет», «сана» және «мәдениет», «Тапсырма санаты», «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық қабылдаудың мүшесі Александр Белянов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда Қоғамдық кеңестің ролі», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры Зайлаги Кенжалиев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда түрлі көзқарастардың аспектілері», «Азаматтық бақылау» жобасының үйлестірушісі Асқар Әскеров «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдау қызметінің қорытындысы тақырыптарында баяндамалар жасалды.

Сондай-ақ, жарыссөзде Египет Араб Республикасы Қазақстандағы Елшісінің 2-ші хатшысы Хемдин Ибрахим өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда әлемдік озық тәжірибелердің негізгі бағыттарына тоқтала келе, елімізде атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері жобасының жетекшісі Жамал Баймұханбетова, Алматы кәсіпкерлік палатасының өкілі И. Қасенбаев, Медеу аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыттарында өз ойлары мен пікірлерін білдірді.

Жиында қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру оны әрі қарай жетілдіру мәселелері жан-жақты талқыланып, жиынға қатысушылар өз ойлары мен пікірлерін және ұсыныстар қабылданды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер