9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай салтанатты шара өтті
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» атты салтанатты іс-шара өткізілді.
Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы конкурстардың жеңімпаздары және жемқорлықты алдын алу шараларына белсенді қатысып, өз үлесін қосқан мемлекеттік органдар мен сала мамандары марапатталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы «Үздік телевизиялық жұмыс» номинациясы бойынша жеңімпаз «Қазақстан – Қызылорда» телеарнасының тілшісі Қожақова Аягөз Өмірзаққызы марапатталса, «Үздік баспа жарияланым» номинация бойынша «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі Тлеубергенова Бағлан Жарылқапбергенқызы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, «Үздік сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүргізген мемлекеттік мекеме» конкурсының жеңімпаздары Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы мен Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі марапатталған болса, департаменттің алғыс хаттары және грамоталарымен жемқорлыққа қарсы тұруда өзінің үлесін қосқан қоғамдық ұйымдардың және құқық қорғау органдарының өкілдері, мұғалімдер, оқушылар, дәрігерлер, мемлекеттік қызметшілер мен жас мамандар және өзге де сала өкілдері марапатталды.
Салтанатты іс-шара Сыр өнерпаздары қатысқан концерттік бағдарламаға ұласты.