Қызылордада велокросс жарысы өтті

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2017 15:44 Zakon.kz
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Қызылордада жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында велокросс жарысы өткізілді. Алғашқы мәрте ұйымдастырылған жарысқа №3 облыстық велоспорт жөніндегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары қатысып, үздіктер анықталды. Жарыс барысында ұлдар 15, қыздар 10 мәрте айналым өтіп, бақ сынасты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2017 15:44

Нәтижесінде:

2001 ж.т. және одан жоғары ұлдар:
1-орын Ерсұлтан Али
2-орын Азамат Алиасқар
3-орын Дамир Амантай

2002-2003 ж.т. ұлдар:
1-орын Әсет Орынбасар
2-орын Дастанбек Ахатов
3-орын Нұржігіт Күзембаев

2004-2005 ж.т. ұлдар:
1-орын Жарасқан Жантөре
2-орын Ердос Ахметжан
3-орын Нұрқанат Абылай

2002 ж.т. және одан жоғары қыздар:
1-орын Аружан Ғалымжанқызы
2-орын Анастасия Иванова
3-орын Меруерт Амандық

2003 ж.т. және одан кіші қыздар:
1-орын Юлдуз Калменова
2-орын Лиза Маханбетжан
3-орын Асылзат Рабаева

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2017 15:44, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2017 15:44, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2017 15:44, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2017 15:44


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: