Жаңалықтар тізбегі
0

“Медицина мақсаты - дені сау ұлт” атты медицина қызметкерлері арасындағы волейболдан турнир өтті

Медицина қызметкерлері арасындағы жарыс мәресіне жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 10:20 Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы дипломдарымен және медальдарымен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылдың 22 қазан күні Ж.Үшкемпіров атындағы “Тараз-Арена” спорт сарайында Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен “Республика күні” мерекесіне орай “Медицина мақсаты - дені сау ұлт” атты қалалық емханаларының медицина қызметкерлері арасында волейболдан турнир өткізілді.

Медицина қызметкерлері арасында воллейболдан жарыс өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 10:20

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Турнирге 8 команда қатысып, 100 жуық адам қамтылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы дипломдарымен және медальдарымен марапатталды.

Сонымен қатар «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Жамбыл облыстық филиалының арнайы І, ІІ және ІІІ дәрежелі кубоктарымен, І орын 200 мың теңге, ІІ орын 150 мың теңге, ІІІ орын 70 мың теңге және 4 үздік номинациялары бойынша 20 мың теңгелік ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

  • І орын - №7 қалалық емхана командасы;

  • ІІ орын - №6 қалалық емхана командасы;

  • ІІІ орын - Almaz Medical Group командасы.

  • Үздік шабуылшы - Абдигапбар Бекзат Ахылбекулы.

  • Үздік тосқауыл қоюшы - Аяпбергенов Еркебулан Темірханұлы.

  • Үздік қорғаушы - Абдуллаева Арай Танатаровна.

  • Үздік доп байланыстырушы - Сайдулла Гүлдана Амангелдіқызы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: