Алматы облысында "Имамдар барысы" атты қазақ күресінен турнир өтті

 «Имамдар барысы» атты қазақ күресінен турнир өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2023 16:34 Сурет: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
13 маусым күні, Облыс орталығы Қонаев қаласында "Ислам және ізгі қоғам" жылы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы өкілдігі мен облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастырумен "Имамдар барысы" атты қазақ күресінен турнир өтті.

Имамдар арасындағы қазақ күресіне Алматы облысына қарасты қала, аудан, ауыл мешіттерінің имамдары қатысты.

Турнирге жалпы 30 ға жуық дін қызметкері екі салмақта, яғни 60 – 80 келі, 80 – 100 келі салмақ дәрежелерінде бақ сынасты.

Сурет: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Турнирде жүлделі орын алған жеңімпаздар ақшалай сыйақы және арнайы медальмен марапатталды.

Сурет: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жүлделі бірінші орынға умраға жолдама берілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: