Жамбылда қазақ күресінен «Қолбасшы Қойгелді» атындағы ІІІ республикалық турнир өтті
Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Турнирді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов құттықтау сөзбен ашты.
Дүбірлі додаға еліміздің 11 өңірінен келген 393 жас балуан қатысты. Турнирдің басты мақсаты — жастар арасында ұлттық спортты дамыту және жас спортшылардың шеберлігін шыңдау.
Бұл жарыс Қазақстан жастарының ұлттық спортқа деген қызығушылығы мен құрметінің артып келе жатқанын айқын көрсетті.
Турнир барысында жас балуандар спорттық бәсекеден бөлек, ел рухын асқақтатып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған маңызды іс-шараның қатысушылары атанды.
Айта кетейік, "Қолбасшы Қойгелді" атындағы турнир алғаш рет 2022 жылы облыстық деңгейде басталып, 2023 жылдан бері республикалық мәртебеге ие болып келеді.
Үш күнге созылған жарыс қорытындысында жеңімпаздар арнайы медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


