Астанада электронды жол жүру билеттері енгізілді

Хабар 24 Хабар 24
Ал оның қағаз нұсқасы қолданыстан шығарылады.

Келер жылдың қаңтары айынан бастап елордамызда электронды жол жүру билеттері енгізіледі, - деп хабарлайды Хабар 24.

Ал оның қағаз нұсқасы қолданыстан шығарылады. Себебі жалған билет пайдалану деректері күрт өсіп бара жатыр. Жаңа жүйе жайлы бүгін «Астана ЛРТ» компаниясының өкілдері хабарлады. Билеттің құны өзгеріссіз қалады. Ай сайын 7 жарым мың теңге төлейтін жолаушылар қоғамдық көлікпен еш шектеусіз жүре алады. Ол үшін арнайы картаны сатып алудың керегі жоқ. Қажетті соманы бұрыннан қолданыстағы «Астра» картасына жүктеуге болады. Ол үшін қалада 30 автомат ашылған. Қағаз билетті электронды картаға қаңтардың 10-ына дейін ауыстырып алуға мүмкіндік бар.

- Кейбір автобустарда біздің жүйе істемесе, сол автобустан шығуы керек. Егер шықпайтын болса, біздің жолаушылар, картамен төлейтіндер тегін жүре береді. Осындай хаттама енгізілген, - деді «Астана ЛРТ» ЖШС Төлеу жүйелері департаментінің директоры Дәурен Нұралиев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз