Астанада дәрігердің қателігінен әйелдің омырауын алып тастаған
Zakon.kz
Әйелге қате диагноз қойылып, оның оң жақ омырауына ота жасалады.
Астанада дәрігерлер емделушіге қате диагноз қойып, омырауын алып тастаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Астанадағы емханалардың бірінде Е. есімді азаматша маммолог-дәрігердің тексерілуінен өткен. Дәрігерлердің салғырттығынан әйелге қате диагноз қойылып, оның оң жақ омырауына ота жасалады. Бірақ, отадан кейін оның оң жақ омырауындағы ісік қатерсіз екені анықталған», - деп жазылған қалалық соттың баспасөз хабарламасында.
Осыған байланысты Астана қаласының Есіл аудандық соты емделушінің пайдасына емханадан моральдық және материалдық шығын өндірді.
«Азаматша Е. омырауын алдыртқаннан кейін моральдық және материалдық тұрғыда зардап шеккеніне байланысты Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі сот коллегиясы моральдық шығынның көлемін көбейтті», - делінген хабарламада.
Фото: baq.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript