Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру 2020 жылға қалдырылды

Тoday.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2017 21:30 Тoday.kz
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң Қазақстанда 2015 жылы қабылданған.

Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмек көрсету мерзімі 2020 жылға қалдырылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінен. Бұл туралы Today.kz "Интерфакс-Қазақстан"-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде заңнамалық өзгерістер қабылданды, оған орай медициналық көмек көрсету мерзімдері және жеке тұлғалар мен мемлекеттің жарна төлеуі 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 1 қаңтарына қалдырылды", - делінген министрліктің сайтында жария етілген хабарламада.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң Қазақстанда 2015 жылы қабылданған. Сол кезде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылған болатын, оған ақша аудару 2017 жылдың шілдесінен басталды, ал бұл жүйенің өзі 2018 жылдан бастап іске қосылуға тиіс еді. Алайда биыл қыркүйек айында президент Нұрсұлтан Назарбаев МӘМС енгізуді асықпауға шақырды, өйткені өздерін жұмыспен қамтыған 2,7 миллион адам медициналық сақтандырудан тыс қалып қалуы ықтимал болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: