Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

БҚО-дағы жол апатынан құрбан болғандар саны төртеуге жетті

Еске сала кетейік, кеше Бударин ауылдық округі Самал елді мекені тұсында екі жеңіл автокөлік соқтығысып, екі адам оқиға орнында қаза тапқан болатын.

Сурет :  inform.kz 3 Қаңтар 2018, 12:24

Кеше Орал-Атырау жолының 98-шақырымында болған жол апатынан тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Ақжайық аудандық ауруханасының директоры Дархан Хайрушевтің айтуынша, кеше ауруханаға жеткізілген 1962 жылғы әйел адам да қайтыс болды.

Ал жүкті әйел облыстық перинаталдық орталыққа жөнелтілді. Қалған екі ер адамның жағдайы ауыр.

Облыстық перинаталдық орталық директоры Николай Дмитриенконың сөзіне қарағанда, екіқабат әйелдің де жағдайы ауыр.

Еске сала кетейік, кеше Бударин ауылдық округі Самал елді мекені тұсында екі жеңіл автокөлік соқтығысып, екі адам (біреуі 40, екіншісі елу жастағы әйелдер) оқиға орнында қаза тапқан болатын. Аудандық ауруханаға жеткізілген бес кісінің біреуі (50 жасар ер адам) кейін көз жұмған еді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер