Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұзда өрт салдарынан ер адам жансақтау бөліміне жеткізілді

www.pavlodarnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2018 18:41 www.pavlodarnews.kz
Баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, өрт болған тұрғын үйден өздігінен 10 адам сыртқа шыққан.

Екібастұз қаласының Шідерті кентінде Әуезов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйде болған өрттен 1977 жылғы ер адам зардап шекті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД баспасөз қызметінің маманы Гаухар Сыздықова айтты.

- 1-қаңтар күні бір бөлмелі пәтер толығымен жанып кеткен. Тілсіз жау 40 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіру кезінде ысты газдан уланған ер адам Екібастұз қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Оған «бірінші және екінші дәрежеде аяқтарының күюі» диагнозы қойылды, - дейді Гаухар Сыздықова.

Баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, өрт болған тұрғын үйден өздігінен 10 адам сыртқа шыққан. Оның алтауы – бала. Бұдан басқа, Качир ауданының Тереңкөл ауылында Тургенев көшесінде қамыштан салынған төрт бөлмелі баспананың ас үй бөлмесі жанған. Қызыл жалын алты шаршы метр аумақты шарпыған.

Өздігінен төрт тұрғын және төтеншеліктердің көмегімен екі бала, бір мүмкіндігі шектеулі адам құтқарылған.

Сондай-ақ, оқиға орнынан 27 литрлік газ баллоны сыртқы шығарылған. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Ақбота Сейсенбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: