Павлодар облысында жолаушылар автобусы өртке оранды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2021 16:59 Pixabay
Көлікте болған 40 адам өздігінен сыртқа шыққан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Павлодар облысында жолаушылар мінген автобус өртенді. Оқиға орнында Павлодар қаласы ТЖБ және өрт зертханасы жұмыс істеуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Рavlodarnews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Павлодар – Ленин кенті тас жолында № 38 маркалы МАЗ автобусынан өрт шыққанын хабарлайды.

- Көлік № 1 автобус паркіне тиесілі. Жалын 15 шаршы метр алаңды қамтыған. Өрт туралы хабарлама сағат 08.49-да тіркеліп, сағат 09.07-де жойылды, - дейді ведомстводағылар.

Көлікте болған 40 адам өздігінен сыртқа шыққан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаудың шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Өртті сөндіруге АҚЖ және өрт сөндіру қызметінен екі техника мен тоғыз адам жұмылдырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: