Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қытайда өтіп жатқан жарыста Зарина Диас Мария Шараповамен кездеседі

4 қаңтарда Шэньчжэн турнирінде Шарапова отандасымыз 24 жастағы Зарина Диаспен кездеседі.

Сурет : Хабар 243 Қаңтар 2018, 15:57

Ресейлік теннисші қыз Мария Шарапова Әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) ұйымдастыруымен Қытайдың Шэньчжэн қаласында өтіп жатқан жарыста америкалық Элисон Рискені жеңіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Екі сағат 24 минутқа созылған кездесу 4:6, 6:3, 6:2 есебімен аяқталды.

Ертең, 4 қаңтарда Шэньчжэн турнирінде ол отандасымыз 24 жастағы Зарина Диаспен (WTA рейтингінде 66-шы орын) кездеседі. Қазақстандық теннисші қыз 1/8 финалда алаң иесі Ш. Чжанды 6:3, 6(5):7(7), 6:4 есебімен жеңді. Бірінші ойында ол француздық Полин Пармантьені 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірген еді.

Жарыстың бірінші ойынында ресейлік 30 жастағы спортшы қыз Румыния теннисшісі Михаэла Бузэрнескуді 6:3, 6:0 есебімен жеңген еді.

Шарапова WTA рейтингінде 59-шы орында тұр. Ресейлік теннисші қыздар арасында ең үздік көрсеткіш Светлана Кузнецоваға тиесілі, ол 12-ші орында. Жалпы рейтингте румыниялық Симоне Халеп көш бастап келеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер