Зарина Диас Жапонияда өтіп жатқан турнирдің финалына шықты
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зарина Диас қытайлық Мэйлин Ванмен кездесті. Ойын 2 сағат 16 минутқа созылды. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 6:3, 3:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Заринаның финалдағы қарсыласы жапониялық Аяно Шимицу болмақ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript