Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты
Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ломакин жұптық сында ресейлік Павел Бар-Бирюковпен бірге өнер көрсетіп, жарыстың жартылай финалына жолдама алды.
Ширек финалда қазақстандық-ресейлік жұп Үндістан өкілі Джеван Недунчежиан мен ресейлік Сергей Бетовты 4:6, 7:5, 10:8 есебімен жеңді.
Енді финалға шығу үшін Григорий Ломакин мен Павел Бар-Бирюков Үндістан теннисшілері Мукундр Сасикумар және Адиль Калианпурмен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript