Түркістанда әкесі балаларының көзінше анасын пышақтап өлтірді

Sputniknews.kz Sputniknews.kz
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

2018 жылдың 1 қаңтарында ажырасқан әйелін ері перзенттерінің көзінше бауыздап тастаған, деп хабарлайды otyrar.kz.

Бірінші сыныпта оқитын баласы қанды оқиға кезінде анасының жанында болған. 36 жастағы күдікті 31 жастағы бұрынғы әйелін қызғаныштан өлтірген деген болжам бар. Әйел оқиға орнында қайтыс болған. Марқұмның артында кәмелет жасына толмаған үш баласы қалды. Аталған жәйт бойынша ҚР ҚПК нің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық сараптамалар тағайындалған. Іс барысы облыстық прокуратураның бақылауында болады",- деді облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Оңғарбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз