Адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Фото: interfax.ru
Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды
7 желтоқсанға қараған түні Алматыда криминалды полиция қызметкерлері екі әйелді өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Zakon.kz ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, ер адам ақша үшін 1994 жылғы тағы бір қызды өлтірген.
Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.
"Өлтірілген әйелдердің ішкі органдарын кесіп алған" деген мәлімет шындыққа жанаспайды және сот-медициналық сараптама оны растаған жоқ.
Қылмыс қаланың Жетісу ауданындағы тұрғын үйде 1-нен 2-ші желтоқсанға қараған түні болған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript