Самат Смақов «Ақтөбенің» директоры болып тағайындалды

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Ал клубтың спорт директоры Ұлықбек Асанбаев болды.

39 жастағы Самат Смақов футболшы мансабын аяқтап, «Ақтөбе» клубының бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және команданың бас бапкері Владимир Муханов Қазақстан құрамасының рекордшысы, «Ақтөбенің» бұрынғы капитаны Самат Смақовпен кездесті.

Кездесу соңында Самат Смақов «Ақтөбенің» бас директоры болып тағайындалды. Ал клубтың спорт директоры Ұлықбек Асанбаев болды. Бұған дейін бас директор болып істеп келген Мақсат Түмәлиев бұл лауазымда бір жыл ғана тұрақтады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз