Самат Смақов «Ақтөбе» ФК бас директоры қызметіне тағайындалуы мүмкін

Аktobenews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2017 20:34 Аktobenews.kz
Самат Смақовтың футболшы мансабы аяқталғанымен, осы саладан кетпейді.

Жаңа жылдан кейін Самат Смақов футболшы қызметін аяқтап, жаңа қызметке тағайындалады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Самат Смақовтың футболшы мансабы аяқталғанымен, осы саладан кетпейді. Кезінде ақтөбелік жанкүйерлеріне қайтып келуге уәде берген футболшы бұл жолы жоғары қызметке тағайындалады.

Ол «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры болмақ.

Айта кетейік, Самат Смақов футболшы мансабын осыдан 20 жыл бұрын семейлік «Елімай» командасының сапында бастаған. Мансабында 7 команданың сапында ойнаған. Оның ішінде Ресей мен Түркия біріншіліктерінде доп тепкен. Соңғы командасы шымкенттік «Ордабасы» болды.

Қазақстан құрамасы сапында 76 ойын өткізіп, Ұлттық құрамада ең көп матч өткізген футболшы атанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: