Самат Смақов "Атырау" клубының бас бапкері атанды

Самат Смақов "Атырау" клубының бас бапкері атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2026 10:54 Сурет: Атырау" футбол клубы
"Атырау" футбол клубы Самат Смақовтың команданың бас бапкері болып тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Самат Смақов ойыншы ретінде де Қазақстан футболында өзіндік із қалдырған:

  • Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 76 матч өткізді;
  • ел чемпионы атанды;
  • төрт рет Қазақстанның үздік футболшысы деп танылды.

Оның бапкерлік мансабы да қарқынды дамыды. Смақов "Ордабасы" клубының жаттықтырушылар штабында жұмыс істеп, кейін "Елімай" командасын басқарды. Оның жетекшілігімен семейлік клуб Премьер-лигаға жолдама алды.

Кейін Самат Смақов "Астана" клубында техникалық директор қызметін атқарып, одан соң "Жетісу" командасының бас бапкері болды.

"Жаңа бас бапкерімізге сәттілік, мол табыс және "Атыраумен" бірге жарқын жеңістер тілейміз!" – делінген клуб хабарламасында.

Премьер-лиганың 10-турында "Атырау" 9 тамызда "Ақтөбе" командасын "Түркістан Арена" стадионында қабылдайды.

"Атырау командасы негізгі стадионы дайын болмағандықтан, үйдегі матчтарын басқа аренада өткізіп жүр", – деп түсіндірді ҚПЛ баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: