"Ақтөбе" футбол клубының бас бапкері жаңадан тағайындалды
Сурет: instagram/fcaktobe_official
6 қыркүйекте "Ақтөбе" футбол клубы бас бапкер міндетін атқарушы лауазымына 56 жастағы украин маманы Игорь Леоновтың тағайындалғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
56 жастағы маман футболшы ретінде донецкілік "Шахтердің" намысын қорғап, кеңестік Украинаның екі дүркін чемпионы атанған. 2006 жылы бапкерлік мансабын бастап, тап сол "Шахтер" жастар командасының тізгінін ұстайды. Кейіннен украиналық "Ильичевец", "Мариуполь", "Арсенал" (Киев), "Минай" және "Нива" (Винница) сияқты ұжымдарда бапкер қызметін атқарады.
Леонов биылғы жылдың басынан бері "Ақтөбе" ФК футбол орталығында еңбек етіп келеді.
"Игорь Ивановичке іске сәт дей отырып, оған "Ақтөбе" тізгінінде мол табыс тілейміз!", делінген клуб сайтында.
Айта кетсек, 6 қыркүйекте Б лигасының үшінші тобындағы алғашқы ойын Алматыда өтті. Қазақстан өз алаңында Норвегия құрамасын қабылдады. Есеп - 0:0.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript