Шымкент-Ташкент жолаушылар автобусы күн сайын қатынайтын болады

Baq.kz Baq.kz
Жалпы, жол жүру уақыты техникалық аялдамасыз 4 сағат.

5 қаңтар күні Шымкент-Ташкент халықаралық автобус бағдары ашылды. Аталған бағыт бойынша қалааралық жайлы автобустар сағат сайын күнделікті таңғы 6-дан 20:00-ге дейін жүреді, деп хабарлайды Baq.kz.

Жалпы, жол жүру уақыты техникалық аялдамасыз 4 сағат. Автобустар, жолаушылар және қол жүгі кедендік тексеру мен шекаралық бақылаудан кезексіз өтеді.

Қазақстан жағынан KazNetworkBus ЖШС, ал Өзбекстан жағынан ManzaraTourism ЖШҚ тасымалдаушылары белгіленген.

2018 жылы екі елдің басқа да ірі қалалары арасында кезең-кезеңмен тұрақты автобус қатынасы іске қосылады деп жоспарлануда.

Шымкент-Ташкент бағдары бойынша тұрақты халықаралық автокөлік тасымалын жасау рұқсаты 2017 жылдың 26 желтоқсанында берілді.

Айта кету керек, соңғы 17 жылда Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушыларды тасымалдайтын автобус қатынаған жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз