Астанадан Германияға қатынайтын рейстің ұшу уақытына өзгеріс енгізілді

Әуежай, Алматы, Астана-Франкфурт рейсі, КС921, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2024 21:07 Сурет: pixabay
14 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 13:20-ға жоспарланған Астана-Франкфурт бағытына қатынайтын KC921 рейсінің ұшу уақыты техникалық себеппен және түнде Франкфурт әуежайының жабылатындығына байланысты 15 маусымға сағат 04:00-ге ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі Франкфурт-Астана бағыты бойынша кері қатынайтын КС922 рейсінің де ұшу уақытыКС921 рейсінің кешігуіне байланысты ертеңге ауыстырылғанын айтты.

"Астанадағы жолаушыларға жеңіл тамақ пен сусындар ұсынылды. Қазіргі уақытта әуе компанияның жердегі қызметі жолаушыларды қонақ үйге орналастыру мәселелерімен айналысуда. Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды", делінген хабарламада.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: