Жаңалықтар тізбегі
0

Көліктерді заңдастыру: Мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесіне өзгеріс енгізілді

Шетелдік автокөлікті заңдастыру, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2023 19:15 Сурет: Zakon.kz
2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысы сағат 20-00-ге дейін ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Азаматтарға арналған үкімет" МК баспасөз қызметі хабарлағандай, осы кесте бойынша орталықтар 2023 жылдың 6 ақпанына дейін адамдарды қабылдайтын болады, қандай да бір өзгеріс болып жатса, ол жайында қосымша хабарланады.

 Шетелдік автомобильдерді заңдастырудың екінші күні өтіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, 5 836 өтінім мақұлданды, оның ішінде 333 қазақстандық мемлекеттік нөмірлік белгілер мен техпаспорттар алды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақтағы автокөліктер заңдастыруға жатады.

- Автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек;

- криминалдық есепте болмауы керек;

- басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс;

- Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет.

Өтінім беру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: