Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Меруерт Түсіпбаева Баян мен Бағымды сотқа бермек

Ол Баян Алагөзовадан сериалға кеткен ақшаны қайтаруды талап етті.

Сурет : Stan.kz8 Қаңтар 2018, 15:04

Меруерт Түсіпбаева өзіне тіл тигізіп, жала жапқандарды сотқа бермек, - деп жазады Stan.kz.

“Мен көп уақыт бойы Бағым мен Баянның балағатына шыдап келдім. Енді маған қоқан лоқы көрсетуде. Сондықтан сотқа беруге мәжбүрмін”, – деп жазды әнші парақшасында.

“Достар, біз демократиялық қоғамда тұрып жатырмыз. Мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ретінде миллиондар қатарында өз пікірімді айттым. олай деуіме құқығым бар!! Ал апалы-сіңлілер жауап ретінде маған тіл тигізіп, намысыма тиіп, жала жапты! Енді қоқан-лоққы жасап жатыр. Ескертемін! Барлық қоңыраулар, комментарийлер жазылып алынады. Сотта кездескенше!”, — деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

Бірақ әнші жазбасын артынша өшіріп тастады. Кейіннен желі қолданушылар тарапынан жазылған пікірлерді жариялады.

“Біздің елімізде сериал жайлы пікір айту да қауіпті”, – деп жазды әнші парақшасында.

Айта кетейік, әнші бұған дейін Баян Алагөзова түсірген «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» фильмін сынаған болатын. Ол Баян Алагөзовадан сериалға кеткен ақшаны қайтаруды талап етті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер