Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында әкімдік көпбалалы ананы сотқа бермекші

Араша, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2021 22:22 Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында әкімдік жеті баланың анасын сотқа бермекші. Атқамінерлер "көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алды" деп айыптап, 670 мың теңге жәрдемақыны кері қайтаруды талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz

Мүгедек баласы мен күйеуін бағып отырған ақсулық келіншек қомақты қаражатты қайтаруға қауқарсыз. Үш жыл бұрын әр баласына мемлекеттен 21 мың теңге алғанын мойындайды. Әкімдік мүгедек баласына алатын қаражатты жасырдың деп жазғырған. Амалы таусылған отбасы арнамыздан араша сұрады, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Неге бізді аямайды. Мүгедектерге неге қамқорлық жасамайды? Менің кінәм не сонда? Осылай зар жылап отырған адамды білмеді, көрмеді, өтірік айтады дейді. Мен қалай өтірік айтам мына түріммен отырып. Мына мүгедек қыздың арқасында отбасыңа табыс кіріп отыр деп айтады. Жатқан түрі мынау. Бір түгіл екі мүгедек бағып отырмын. Жеті баланың анасы Сайрагүл Молдабайқызы

Көпбалалы ананың айтуынша, отбасының жалғыз кірісі, ол мүгедек баласы мен күйеуіне берілетін болмашы жәрдемақы ғана. Мойындарына қарыз қылып қойған 670 мың теңгені төлеуге шамасы келмейтінін айтады. Осыдан екі жыл бұрында бұл мәселені көтерген болатынбыз. Ол кезде әкімдік өкілдері қарызды демеушілер көмегімен жауып береміз деп те уәде берген еді. Алайда уәделерінде тұрмаған.

Бұл кісі айтқан жоқ, жұмыс істедім деп. Бала күтімімен жүрдім деді. Түсініп отырмыз. Оңай емес. Сондықтан мен де сізге айтып отырмын. Демеушілік тарапынан көмек көрсетілді. Әлі де көрсетеміз. Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Балтабай Қаппасов

Ал заңгер Камиша Есмұхамедқызы әкімдіктің әрекеті заңсыз деп бағалайды. Өйткені шенділер өздері жіберген қателіктің салдарынан ортайған қазына қаржысын толтыруды ғана ойлап отырғанын айтты.

Өзінің қаражаты жетіп тұрса, мемлекетке қол жаймайды және сұрамайды. "Заңсыз алды" деп танылған, не сот шешімі жоқ. Не оны қандай да бір қағаз жүзінде тергеу амалдары заңсыз пайдаға кенелгенін дәлелдеген жоқ. Сондықтан көпбалалы анаға үш жылдан кейін қойып отырған талап-арыз негізсіз. Заңгер Камиша Есмұхамедқызы

Ақсу қаласы әкімінің орынбасары, бұл проблеманы оңтайлы шешуге уәде берді. Бірақ оны қашан орындайтындарын ашып айта алмайды. Телеарна мәселені бақылауды жалғастыратын болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: