Жаңалықтар тізбегі
0

Жыл басынан бері 470 мыңнан аса көпбалалы отбасы жәрдемақы алды

Көпбалалы отбасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2021 21:14 Сурет: Zakon.kz
2021 жылдың басынан қараша айын қоса алғанда, елімізде көпбалалы отбасылар 261,7 млрд теңгенің жәрдемақысын алды, деп хабарлайды Zakon.kz

2021 жылғы қаңтардан бастап қарашаны қоса алғандағы аралықта  көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 261,7 млрд теңгеге орта есеппен 446,4 мың отбасы қамтылды, соның ішінде қарашада жәрдемақының бұл түрін 471,4 мың отбасы жалпы сомасы 26,6 млрд теңгеге алды.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланып төленеді және 2021 жылы 46 760 теңгені (4 бала), 58 457 теңгені (5 бала), 70 154 (6 бала) теңгені, 81 852 теңгені (7 бала), 8 балаға 93 344 теңгені, 9 балаға 105 012 теңгені, 10 балаға 116 680 теңгені, 11 балаға 128 348 теңгені, 12 балаға 140 016 теңгені, 13 балаға 151 684 теңгені, 14 балаға 163 352 теңгені, 15 балаға 175 020 теңгені, 16 балаға 186 688 теңгені немесе әр балаға 11 668 теңгені құрайды.

Еске сала кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: