Жаңалықтар тізбегі
0

Көпбалалы ана: алатын жәрдемақы 768 теңгеге өсті

express-k.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2019 16:52 express-k.kz
Елімізде көпбалалы аналардың алатын жәрдемақысына қатысты әңгімелер қыза түсуде.

Елімізде көпбалалы аналарға берілетін айы сайынғы жәрдемақы биыл 768 теңгеге өсіп, 16 мың 160 теңгеге жетті. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алайда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұл әрекеті әлеуметтік желіде әлі де қызу талқылануда. Бұл қаражат көпбалалылардың жыртығына да жамау бола алмайды деген жұрт, "министрлік халықтың жағдайын толық білмейді" деп сөгуде.

Елімізде көпбалалы аналардың алатын жәрдемақысына қатысты әңгімелер қыза түсуде. Тіпті, фэйсбук парақшасы арқылы алтын құрсақты аналар үндеу жариялап, өз наразылықтарын білдірді.

FACEBOOK ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ:

«На каком основании такой министр занимает это место? Мне теперь интересно, если каждая многодетная мама получает несколько миллионов, где эти миллоны? Может укажет мне мой счет? На которую я получала?»

Көпбалалы аналардың үндеуін қоғам белсенділері де қолдап әкетті. Шетелдің тәжірибесін келтіргендердің, министрге айтар жауаптары да дайын екен. Мәселен, Әлия Садырбаева есімді желінің белсенді қолданушысы әлеуметтік парақшасында бүй деп жазыпты:

«Мысал ретінде Еуропаның ең бай елдерінің тізіміне кірмейтін Польшаны алайық. Онда 2016 жылдың 1 сәуірінен бастап, барлық ата-ана әр баласын бағып-қағуға айына шамамен 120 еуро үстемақы, біздің ақшаға шаққанда 51840 теңге алады. Бұл баласын бір өзі тәрбиелеп отырған жалғызбасты жандарға немесе қамқоршыға қатысты жағдай. Ал егер отбасы толық болса, онда үстемақы 2-ші рет балалы болған соң төленеді, сөйтіп ата-аналар әр баласы үшін жылына 1440 еуро, яғни 622 080 теңге алады».

Дүйім жұртты дүрліктірген мәлімдемені министр бір апта бұрын жасаған болатын. Еске салсақ, ол «еліміздегі көпбалалы аналар мемлекеттен өмір бойы миллиондаған теңге жәрдемақы алады, басқа елде біздікіндей жағдай жасалмаған» деп жар салған еді. Алайда жұрттың сынына ұшырағаннан кейін, өз сөзін дұрыстап былай түсіндіруге тырысты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: