Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Маңғыстау облысында тағы газ қымбаттады

Бұл - жүргізушілердің қалтасына әжептәуір салмақ.

Сурет : www.inform.kz9 Қаңтар 2018, 16:39

Жаңаөзен қаласындағы «Қазақ газ өңдеу зауытында» өндірілген өнімнің тоннасы 34 мыңнан 38701 теңгеге өсті. Осылайша, «ҚазМұнайГаз» бекеттерінің өзінде газ бағасы литріне 55 теңгеге жетсе, жекеменшік газ құю бекеттерінде 60-65 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды QAZAQSTAN Ұлттық телеарнасы.

Бұл - жүргізушілердің қалтасына әжептәуір салмақ. Тек жыл басынан бері ғана өңірде 8000 көлік газға ауысқан. Қазір облыста 88513 машина сұйытылған отынмен жүреді. Жылма-жыл газбен жүретіндердің саны он пайызға артып отыр. Ал, облыстағы газ шығаратын жалғыз зауыттың бір айда өндіретін өнім көлемі жеткіліксіз.

Нақберген Түлепов, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директоры: - Біздің мекеме бір айда 13540 тонна газ өндіреді. Өндірілген газдың 4000 тоннасын «ҚазМұнайГаз» ЖШС береміз. Қалған газ өнімдерін заңнамаға сәйкес «SK LTD KZ» ЖШС береміз. Олар әрі қарай жекеменшік газ құю бекеттеріне таратады. Сұйытылған газ өнімдерін өз бетімізше таратып беруге біздің құқымыз жоқ.

Осымен өңірде газ бағасы 1 жылда 3 рет өсіп, 25 теңгеден 55 теңгеге жетті. «Қымбатшылық әбден қалтамызды қағып бітті», дейді жүргізушілер. Маңғыстауда 200 газ құю бекеті бар. «ҚазМұнайГаз» станцияларында литрі 55 теңгеден сатылғанымен, оларда ұзын-сонар кезек.

Амал жоқ, жеке меншік бекеттерден қымбат газды сатып алуға тура келеді. Жүргізушілерде сұйытылған отын бағасының мұнымен тұрақтауы екіталай деген күдік басым.

Себебі, Энергетика министрлігінің қаулысымен газ бағасы тек 31 наурызға дейін 55 теңге болып белгіленген.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер