Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Президенті қаржы секторын «қайта жаңғырту» қажет екенін мәлімдеді

kursiv.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2018 15:17 kursiv.kz
Бұл туралы Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

10 қаңтар күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауы жарияланды. Мемлекет басшысы Жолдауында қаржы секторын "қайта жаңғырту" қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Банктік портфельдерді «нашар» несиеден арылту ісін аяқтау қажет. Ол үшін банк иелері шығындарын мойындай отырып, экономикалық жауапкершілік алуға тиіс. Акционерлердің аффилирленген компаниялар мен жеке адамдардың пайдасы үшін банктерден қаржы шығаруы ауыр қылмыс болып саналуға тиіс. Ұлттық Банк мұндай істерге немқұрайлы қарамау керек. Әйтпесе, мұндай мемлекеттік органның не керегі бар?Ұлттық Банк тарапынан қаржы институттарының қызметін қадағалау қатаң, уақтылы әрі нәтижелі болуға тиіс. Мемлекет қарапайым азаматтардың мүдделерін қорғауға одан әрі кепілдік береді. Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдауды тездету қажет", - деді Президент Жолдауында.

Сонымен қатар 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін халыққа берілген валюталық ипотекалық займдар жөніндегі мәселені Ұлттық Банкке толығымен шешуді тапсырамын. Сол күннен бастап аталған валюталық займдарды жеке тұлғаларға беруге заң жүзінде тыйым салынған болатын. Ұлттық Банк пен Үкімет экономика салаларындағы нақты тиімділікті есепке алатын ставкалармен бизнеске ұзақ мерзімді несиелендіруді қамтамасыз ету мәселесін бірлесіп шешуге тиіс. Инвестициялық ахуалдың одан әрі жақсаруы және қор нарығының дамуы маңызды болып саналады. Бұл – жұмысын бастаған «Астана» халықаралық қаржы орталығының негізгі міндеттерінің бірі. Ол халықаралық озық тәжірибені пайдаланып, ағылшын құқығы мен заманауи қаржы технологияларын қолданатын өңірлік хабқа айналуға тиіс, - деді ҚР Президенті.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» ұлттық компанияларының акцияларын IPO-ға табысты түрде шығару қор нарығын дамытуға септігін тигізеді.

ҚР Президентінің халыққа Жолдауының толық мәтінін осы сілтемеден оқи аласыздар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: