Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Шымбұлақ па әлде Шыңбұлақ па?

Ежелгі тарихтан сыр шертетін бұл жер тек кейінгі жүз жылдың көлемінде ғана шетелдіктердің дыбыс үндестіктеріне қарай «Шымбұлақ» аталып кеткен.

Сурет : dostoprim.almaty.kz10 Қаңтар 2018, 09:36

Ел аузында Шымбұлақ аталып жүрген тау-шаңғы орталығының «Шыңбұлақ» екенін білесіз бе? Алатаудың Талғар асуының бөктеріндегі халықаралық кешен 1954 жылдан қысқы спортпен айналысатындардың сүйікті орнына айналған. Бұл -Қазақстандағы ең үлкен туристік орталық, деп жазады QAZAQSTAN Ұлттық телеарнасы.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген халқымыз атам заманнан бері таудан бастау алатын мына бұлақты «Шыңбұлақ» деп атаған. Өзіңіз бұл жерге келіп көрсеңіз, бабаларымыздың әрбір бұлақты, өзенді, таудың әрбір шоқысын, тап басып танығана көз жеткізесіз. Ежелгі тарихтан сыр шертетін бұл жер тек кейінгі жүз жылдың көлемінде ғана шетелдіктердің дыбыс үндестіктеріне қарай «Шымбұлақ» аталып кеткен. Қазір қыс мезгілі, қар қалың болғандықтан, біз Шыңбұлақтың бастауына жақындай алмаймыз.

Тарихшы Асқар Селеубай қалың қар мен көк мұздың құрсауында жатқан Шыңбұлақтың тарихы тым тереңде екендігін айтады. Тәңір тауының қойны-қонышын түгел білетін ғалым «Іле Алатауының сан ғасырлық тарихын кейінгі ұрпақ ұмытпаса екен», дейді. Бүгінде бұл жердің тарихына қатысты оқиғаларды білетін аузы дуалы ақсақалдардың қатары сиреп барады.

Асқар Селеубай, тарихшы: - «Түп-тұқияннан өзіме шейін» атты Қазыбек Бектің еңбегінде Шыңбұлақ туралы айтылған. Шымбұлақ емес, Шыңбұлақ деп айтқан. Шыңның бұлағы деп. Өйткені, осының етегінде бұлақтар бар.

Ғалым айтқан еңбек - жердің байырғы атаулары мен оның тарихын баяндайтын Шапырашты Қазыбек Бек Тауасарұлының «Түп-тұқияннан өзіме шейін» деген кітабы. Еңбек көркем әдеби тілде жазылғанымен, тарихи деректерге толы. Қазақ хандығы тұсында жазылған құнды кітапта Шыңбұлақта болған оқиға суреттеледі. Ал, ономастика саласының зерттеушісі Қыздархан Құрмашқызының сөзінше, кез келген өркениет судан бастау алған. Сондықтан, қазақ халқы жер-судың атауына ерекше мән берген.

Қыздархан Рысберген, филология ғылымдарының докторы: - Шым деген ол тегістік жерде өсетін көк. Шым қалың өскен жерден бұлақ шығуы мүмкін. Ал, мына біз білетін Шыңбұлақ ол таудың төбесінен ағып тұр, шыңнан ағып тұрған су болғандықтан, мұздақ шыңда шым қалай өседі деген сауал туындайды. Яғни, бұл шым сөзіне байланысты емес өсімдік. Бұл тау шыңының басынан ағып тұрған мөлдір, таза сұп-суық бұлақ.

Бұдан басқа, қазір жұрт бұрынғы «Салт атты сайды» қазір «Солдат сай», «Кім асар шатқалын», «Комиссарская ущелье» деп жүр. Себебі, бұл атаулар орыс тілінің ықпалынан сөзжасамдық тұрқы бұзылып, баяғы мазмұнын жоғалтқан. Сондықтан, «Адам күбірін тау естиді, тау күбірін Тәңір естиді» демекші, «Аймақтың тарихын әлі індете зерттеп, жаңа көзқараспен зерделеу қажет», - дейді ғалымдар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер