Жаңалықтар тізбегі
0

«111» шұғыл қызметі арқылы 104 бала өз-өзіне қол жұмсаудан бас тартқан

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2018 19:03 ҚазАқпарат
Бұл телефон жақында америкалық «911» сенім телефонының аналогы болады деп үміттенемін, өйткені бізге балалар ғана хабарласпайды - З. Балиева.

2017 жылы «111» шұғыл қызметі жүзден астам баланың өз-өзіне қол жұмсаудан бас тартуына себепкер болған. Бұл туралы бүгін Мәжілісте ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

«111» шұғыл қызметінің жұмысы нығая түсті. Бұл телефон жақында америкалық «911» сенім телефонының аналогы болады деп үміттенемін, өйткені бізге балалар ғана хабарласпайды. Тіпті кейбір әріптестерім көп телефондардың ішінде «111» сенім телефоны ғана жылдам жауап берген жағдайлар туралы айтты. Біз соның арқасында адамдардың өмірін құтқарып қалдық. Осы сенім телефоны арқылы 2017 жылы 104 бала суицидтен құтқарылды», - деді Балиева.

Сонымен қатар, бала құқықтары жөніндегі уәкілетті органның қызмет нәтижелері туралы баяндама оқыған кезде өз-өзіне қол жұмсаудан бас тартқан кішкентай қыз сөз сөйлеуге ниет білдірді.

«Ол бетперде киіп, бұл қадамға не үшін барғанын айтады. Оның айтқанын мұқият тыңдауымыз керек, себебі өз-өзіне қол жұмсатуға көп нәрсе себеп болады екен. Біз балаларымыздың жағдайын жасап, киіндіреміз, тамақтандырамыз және осы жеткілікті деп ойлаймыз. Бірақ біз олардың оңаша қалғандағы, осы қадамға барғандағы жан дүниесіне мән бермейміз. Бала қаншалықты кішкентай болғанымен, бұл қадамға барар кезде өмір туралы ойланары анық. Бұл қыз біздің «111» сенім телефонына қоңырау шалған. Психологтар онымен екі сағат бойы жұмыс істеген», - дейді Бәлиева.

Сондай-ақ, Зағипа Балиева кішкентай қыз қазір өз-өзіне қол жұмсауға жол бермегеніміз үшін алғыс айтатынын, өйткені үйінде оның анасы, туыстары, жақындары бар екенін қоса кетті.

«Бұл барлық ата-аналар үшін үлгі әрі сабақ болады. Баланың жан дүниесі бар екенін ұмытпаған жөн. Оларға ойыншықтар, киім-кешек, білім ғана қажет емес. Оларға ең алдымен сүйіспеншілік, жылулық беріп, көңіл бөліп, қолдау көрсету қажет», - деп түйіндеді ол.

Гүлім Тоқтарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: