Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Елбасы мұғалімдердің жалақысын көтеруді тапсырды

Мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 пайызға дейін өседі.

Сурет : i.kapital.kz10 Қаңтар 2018, 11:13

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында мұғалімдердің жалақысын 30-50 %-ға көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 30 %-ға көбейтуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.

Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары.

Мұндай жаңашылдық балаларға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады.

"Сонымен қатар 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырамын. Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек. Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі", - деді Назарбаев.

Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажет.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтінін осы сілтемеден оқи аласыз.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер