Елімізде мұғалімдердің жалақысы бес жылда 100%-ға көбейді

Елімізде мұғалімдердің жалақысы бес жылда 100%-ға көбейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2025 11:17 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы кейінгі бес жылда 100%-ға көбейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024-2025 оқу жылының басында елімізде 8 мыңға жуық мектеп жұмыс істейді, онда 3,9 млн-нан астам оқушы, оның ішінде 352 мың бірінші сынып оқушылары оқиды.

2024-2025 оқу жылында еліміздің мектептерінде 406 мың педагог жұмыс істейді — өткен жылмен салыстырғанда 8 мыңға артық.

2020 жылдан бастап педагог мәртебесін көтеру саясаты шеңберінде мұғалімдердің жалақысы 100%-ға көбейді. 2023 жылы мектепке дейінгі тәрбиешілер мен техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне қосымша үстемеақылар, сондай-ақ біліктілік санаттары, еңбек өтілі, еңбек жағдайлары, академиялық дәрежесінің болуы және тәлімгерлік үшін қосымша ақылар енгізілді.

Ауылдық жерлерде мұғалімдердің жалақысы қаладағы жалақыдан кем дегенде 25%-ға жоғары. 2025 жылы 11 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті, олардың шамамен 58%-ы ауыл мұғалімдері. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап аттестаттау процесінің ашықтығын қамтамасыз ететін педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының жаңа платформасы жұмысын бастады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: