Жаңалықтар тізбегі
0

Полиция ақбөкенді қорлаған адамдарды анықтады

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2018 20:56 Sputniknews.kz
Бүгінде қоғам назарына ілінген іске қатысы бар адамдардың кейбірінің жеке тұлғасы анықталып отыр.

Қорғалжын мемлекеттік қорығында ақбөкенді көлікпен қуып, видеоға түсірген адамдардың бір бөлігі анықталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Ақмола облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақбөкен жайлы видеодағы адамдардың кейбірі анықталды, олар Астана тұрғындары болып шықты, қазір жауап алынып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес әзірге қалған ақпаратты бере алмаймыз, іс бақылауға алынған", — деп хабарлады Амола облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәр Пинчук.

Ол даулы істің барлық мүшесі анықтала салысымен бұл туралы міндетті түрде ақпарат берілетінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде жарияланған видеода белгісіз біреулер ақбөкенді көлікпен қуып, кейін әбден қалжыраған жануарды мазақ қылғанын хабарлаған едік.

Болған жайт туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында жариялады. Желіге салған видеода бір топ жігіт пен бала зәресі ұшып, әбден қалжыраған ақбөкенге тиісіп, мәз-мейрам суретке түсіп жатыр.

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің өкілдері атап өткендей, жануарларды қорлап, қиянат жасаған тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: