Түркістан облысында полиция алаяқтық қылмысының 5 фактісіне қатысы бар күдікті әйелді анықтады

Түркістан облысында полиция алаяқтық қылмысының 5 фактісіне қатысы бар күдікті әйелді анықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2024 16:54 Сурет: polisia.kz
Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысының бірнеше жайтына қатысы бар әйелді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, күдікті әйел танысының сеніміне кіріп, Алматы қаласынан арзан алтын алдырып беремін деп 160 мың теңге ақшасын алған. Содан қаражатты бас пайдасына жаратқан.

Полиция қызметкерлері күдіктінің бұдан бөлек 4 бірдей алаяқтық қылмысына қатысы барын анықтады. Яғни жәбірленушілерге "қайтарымсыз грант алып беремін" деп әрқайсысынан 200 мың теңгеге жуық қаражат алған.

Келтірілген шығын 900 мың теңгеге жуықтайды.

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: