Астанада мектеп оқушыларына сабақ болмайды

Сонымен қатар колледждердің 1-2 курс студенттеріне де сабақ болмайды.
Астанада боранға байланысты бірінші ауысымдағы 1-11-сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды, - деп хабарлайды Zakon.kz қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.
"Астана қаласы білім басқармасы 11 қаңтарда ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымдағы 1-ден 11-сыныпқа дейінгі оқушылар, сондай-ақ 1-2 курс студенттері үшін сабақ тоқтатылғанын хабарлайды", — деп жазылған хабарламада.
Бөлісу
0
Толық оқу